03.08.2026 14:55

Джек Грилиш «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

03.08.2026 14:55

«Манчестер Сити» вингері Джек Грилишке «Атлетико» қызығушылық танытуда

The Sun хабарлауынша, Мадридтің клубы оны осы жазда қатарына қосу жолдарын қарастырып жатыр. «Матрасшылардың» бас бапкері Диего Симеоне Грилишті өз командасында көргісі келеді. Джек сондай-ақ «Эвертонге» оралуы мүмкін.

«Қалалықтар» 30 жастағы англиялық ойыншыны 2021 жылы «Астон Вилладан» 117,5 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымды «Эвертонда» жалға өткізіп, 22 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram