16.02.2026 15:18
Винисиус ат басын Манчестерге бұруы мүмкін
16.02.2026 15:18
«Реал» дүлдүлі Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, 25 жастағы бразилиялық вингерге «Манчестер Юнайтед» қомақты келісімшарт ұсынбақ. Оған сәйкес, Винидің бір аптадағы жалақысы 375 мың фунт стерлингті құрайды екен.
Сондай-ақ «Манчестер Сити» де нарықтағы құны 150 миллион еуроны құрайтын супержұлдызды өз қатарынан көргісі келеді. «Қалалықтар» онымен келісімшартқа отыруға 100% дайын.
Винисиус Мадридтің клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 34 матчта 10 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.