28.01.2026 11:00
Упамекано «Бавариямен» келісімшартты ұзарту мүмкін
28.01.2026 11:00
Дайо Упамекано «Баварияда» қалатын секілді

Bild хабарлауынша, Мюнхеннің клубы 27 жастағы француз қорғаушысына 2029 не 2030 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт ұсыныпты. Оған сәйкес, Дайоның бір жылдағы жалақысы шамамен 20 миллион еуроны құрайды. Одан бөлек клуб футболшыға келісімшартты ұзартқаны үшін бонус ретінде тағы 20 миллион еуро төлеуге дайын екен.
«Бавария» Упамеканоға бұл ұсыныс бойынша ақпан айының ортасына дейін ойлануға уақыт берді.
Упамекано «Бавария» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.