28.01.2026 09:19

«Ювентус» Спаллеттиді сақтап қалғысы келеді

28.01.2026 09:19

«Ювентус» бас бапкер Лучано Спаллеттимен келісімшартты ұзартқысы келеді

La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, Туриннің клубы 66 жастағы италиялық маманға 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын жаңа құжат ұсынды. Ал Лучано шешім қабылдауға асықпайды екен.

Спаллетти «бьянконери» тізгінін 30 қазанда ұстаған еді. Содан бері команда 12 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, екі ойында қарсыласына жол берді.

22 турдан кейін 42 ұпай жинаған «Ювентус» Италия А Сериясында бесінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram