28.01.2026 08:59
Мармуш жақында клуб ауыстыруы мүмкін
28.01.2026 08:59
«Манчестер Сити» шабуылшысы Омар Мармуш жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 26 жастағы мысырлық ойыншы осы қыста «Манчестер Ситиден» кетуге дайын. Қазіргі таңда оған «Астон Вилла» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.
Мармуш осы маусымда 17 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.