08.09.2025 20:22

Тунис Әлем чемпионатына шықты

08.09.2025 20:22

Тунис құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 8-турында Экваторлық Гвинеяны 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша 22 ұпай жинап, қатарынан үшінші рет мундиальға жолдама алды.

Жалпы бұл «сұңқарлардың» жетінші Әлем чемпионаты болмақ.

Осыған дейін 1978, 1998, 2002, 2006, 2018 және 2022 жылы ойнаған. Бірақ барлығында топтық кезеңнен аса алмаған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram