09.06.2026 08:08
Триппьер «Вулверхемптон» ойыншысы атанды
09.06.2026 08:08
Киран Триппьер «Вулверхэмптон» ойыншысы атанды

Қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
35 жастағы англиялық ойыншы «қасқырлардың» сапына «Ньюкаслдан» келіп қосылды. Одан бөлек «Атлетико» мен «Тоттенхэмде» де ойнаған.
Ал 38 турдан кейін небәрі 20 ұпай жинаған «Вулверхэмптон» АПЛ биылғы маусымында соңғы орын алып, Чемпионшипке ұшып кетті.