09.06.2026 01:56
Нидерланд Өзбекстаннан басым түсті
09.06.2026 01:56
Нидерланд жолдастық кездесуде Өзбекстанды 2:1 есебімен жеңді

АҚШ-та өткен матчта Коди Гакпо пенальтиден дубль жасады. Ал Өзбекстанның жалғыз голын Игорь Сергеев соқты.
Нидерланд Әлем чемпионатында Жапония (14 маусым), Швеция (20 маусым) және Туниспен (26 маусым) F тобында ойнайды. Ал Өзбекстан Колумбия (18 маусым), Португалия (23 маусым) һәм Конгомен (28 маусым) К тобында сынға түседі.