09.06.2026 00:11

Тимбер Әлем чемпионатына бармайды

09.06.2026 00:11

Нидерланд құрамасының қорғаушысы Юрриен Тимбер қатардан шықты

24 жастағы «Арсенал» ойыншысы шап тұсындағы жарақатынан айыға алмай жатыр екен. Осыған байланысты құрама қосынынан кетті және оның орнына «Сандерлендтен» Лутшарел Геертруида шақырту алды.

Рональд Куман шәкірттері Әлем чемпионатында Жапония, Швеция және Туниспен F тобында ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram