08.06.2026 18:44

Мазрауи мен Эззалзули қатардан шықты

08.06.2026 18:44

Марокко құрамасының ойыншылары Нуссаир Мазрауи мен Абде Эззалзули қатардан шықты

Қос футболшы да Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде жарақат алды. «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Мазрауи иығын шығарып алып, 10 күндей ойнамайтын болды. Ал тізе байламын созып алған «Бетис» вингері Эззалзулидің еміне шамамен 3-4 апта кетеді екен.

Марокко Әлем чемпионатында Бразилия (14 маусым), Шотландия (20 маусым) және Гаитимен (25 маусым) С тобында ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram