08.06.2026 13:33
Кукурелья «Челсиден» кетеді
08.06.2026 13:33
«Челси» қорғаушысы Марк Кукурелья клубтан кеткісі келеді

Экрем Конурдың хабарлауынша, ол мұны басшылыққа ескертіп қойыпты және «Челси» де Маркпен қош айтысуға дайын.
Қазір оған «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Реал» және «Атлетико» қызығушылық танытуда. Бірақ өзі «Барселонаға» оралғысы келеді. Кукурелья нақты шешімді Әлем чемпионатынан кейін қабылдайды.
«Көктер» Маркті 2022 жылы «Брайтоннан» 65,3 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 50 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.