08.06.2026 16:09

Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар белгілі болды

08.06.2026 16:09

Әлем чемпионатын жүргізетін 22 комментатор белгілі болды

Төртжылдықтың басты додасында Әлімжан Асқар, Жақып Марғұлан, Есей Жеңісұлы, Ерсін Ерік, Олжас Байбосын, Руслан Бақытжан, Дәулет Сейітбек, Еламан Әмірғазы, Фархат Қаналы, Айбек Намазбаев, Әзиз Оразбаев, Ернұр Дүйсенғазы, Айбек Қабылша және Рауан Оқас қазақ тілінде қызмет етеді. Ал матчтарды орысша Сергей Райлян, Дидар Қадыров, Ербол Қайыров, Тимур Сулейменов, Дмитрий Нестеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхамед Төлегенов және Әділет Құсайынов жүргізеді.

Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Барлық 104 матчты ел аумағында Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram