28.01.2026 12:38

«Тоттенхэм» ойыншысы қатардан шықты

28.01.2026 12:38

«Тоттенхэм» қорғаушысы Педро Порро жарақат алды

26 жастағы испаниялық ойыншы «Бёрнлиге» (2:2) қарсы матчта тізе астындағы сіңірін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен бір ай командасына көмектесе алмайды.

Бұл оның мансабындағы 13-жарақаты болды. Осыған дейін 251 күні емделуге кетіп, 47 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 34 матчқа қатысып, бес нәтижелі пас берді.

Осыған дейін «Тоттенхэм» қатарынан жарақатына байланысты Мұхамед Кудус, Родриго Бентанкур, Ришарлисон, Бен Дэвис және Лукас Бергвалл шығып қалған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram