20.09.2025 20:59

«Тоттенхэм» «Брайтонмен» тең тарқасты

20.09.2025 20:59

Ағылшын Премьер-лигасының 5-туры аясында «Тоттенхэм» «Брайтонға» қонаққа барды

«Амекс Стэдиумда» өткен кездесуде жеңімпаз анықталмай, 2:2 есебі тіркелді. «Тоттенхэм» сапында Ричарлисон мергендік танытты. Ал алаң иелері құрамында Янкуба Минте мен Ясин Айари қақпа торын тулатты. Сондай-ақ, «Брайтон» қорғаушысы Ян Паул ван Хекке автогол авторы атанды.

Осылайша бес ойыннан кейін 10 ұпай жинаған лондондықтар live-кестеде екінші орынға жайғасты.

Томас Франк шәкірттері келесі турда өз алаңында «Вулверхэмптонды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram