07.02.2026 23:56

Тер Штегенге ота жасалды

07.02.2026 23:56

«Жиронада» жалда жүрген «Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің жағдайы белгілі болды

33 жастағы неміс голкипері «Реал Овьедоға» (0:1) қарсы матчта тізе астындағы сіңірін зақымдап алған еді. Осыған байланысты бүгін оған ота жасалды және сәтті өткен екен.

Болжам бойынша Марк шамамен екі ай көлемінде командасына көмектесе алмайды. Ал нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Тер Штеген 20 қаңтар күні «Жирона» сапына қосылған еді. Содан бері екі матчқа қатысып, қақпасына екі гол өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram