07.02.2026 23:31
Кенан Йылдыз «Ювентуспен» келісімшартты ұзартты
07.02.2026 23:31
Кенан Йылдыз «Ювентусте» қалды

Қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты. Оған сәйкес, Кенанның жалақысы өсіп, қомақты бонусқа кенеледі екен.
20 жастағы түрік вингері Туриннің клубында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 31 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.