07.02.2026 22:23

«Барселона» жарқын жеңіске жетті

07.02.2026 22:23

Испания Ла Лигасының 23-турында «Барселона» өз алаңында «Мальорканы» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Роберт Левандовски, Ламин Ямаль және Марк Берналь мергендік танытты.

Осылайша 58-ұпайын еншілеген «блауграна» турнир кестесінде көш басында қала береді.

Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 16 ақпан күні «Жиронаға» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Испания кубогының жартылай финалында «Атлетикомен» ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram