07.02.2026 22:08
«Арсенал» «Сандерлендтен» басым түсті
07.02.2026 22:08
Ағылшын Премьер-лигасының 25-турында «Арсенал» өз алаңында «Сандерлендті» 3:0 есебімен жеңіді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде Виктор Дьокереш дубль жасаса, Мартин Субименди бір гол соқты.
Осылайша 56-ұпайын қанжығалаған «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 12 ақпан күні «Брентфордке» қонаққа барады.