07.02.2026 19:02
Кристиан Ромеро антирекорд қайталады
07.02.2026 19:02
Дәл қазір Ағылшын Премьер-лигасының 25-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Манчестер Юнайтедпен» кездесіп жатыр

Матчтың 29-минутында Кристиан Ромеро алаңнан қуылып кетті. Осылайша ол «Тоттенхэм» сапында АПЛ-де ең көп қызыл қағаз алған Юнес Кабулдың антирекордын қайталады. Қос футболшы да төрт мәрте оңбай жазаланған.
Сондай-ақ 27 жастағы аргентиналық қорғаушы ішкі біріншіліктегі алдағы төрт матчтан шеттетілді.
«Олд-Траффорд» стадионында өтіп жатқан кездесудің 70-минутында таблодағы есеп – 1:0. Жалғыз голды 38-минутта «Манчестер Юнайтед» вингері Брайан Мбемо соқты.