07.02.2026 13:41

Педри «Реалға» ауысуы мүмкін

07.02.2026 13:41

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри «Реалға» ауысуы мүмкін

Сиро Лопестің хабарлауынша, Мадрид клубының президенті Флорентино Перес 23 жастағы испаниялық жартылай қорғаушыны өз командасында көргісі келеді. Тіпті сатып алуды жоспарлап отыр екен.

Педри осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Оған сәйкес футболшыны сатып алу құны 1 миллиард еуроны құрайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram