02.02.2026 17:22

Тер Штеген жарақат алды

02.02.2026 17:22

«Жиронада» жалда жүрген «Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген жарақат алды

33 жастағы неміс голкипері «Реал Овьедоға» (0:1) қарсы матчта тізе астындағы сіңірін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты шамамен екі ай командасына көмектесе алмайды. Енді ол «Барселонаға» оралып, ота жасатуы мүмкін.

Тер Штеген 20 қаңтар күні «Жирона» сапына қосылған еді. Содан бері екі матчқа қатысып, екі гол өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram