02.02.2026 17:01
Рафинья қатардан шықты
02.02.2026 17:01
«Барселона» дүлдүлі Рафинья жарақат алды

29 жастағы бразилиялық вингер оң аяғының бұлшық етін созып алыпты.
Осыған байланысты ол 3 ақпан күні Испания кубогының ширек финалы аясында өтетін «Альбасетеге» қарсы матчқа қатыспайды. Ал қатарға шамамен бір аптадан кейін оралады екен.
Рафинья осы маусымда 22 матчта 13 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.