26.09.2025 03:58
Тағы бір қазақстандық Еуропаға ауысады
26.09.2025 03:58
"Тұран" клубының 22 жастағы қорғаушысы Микаэль Асқаров мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін
Румыния, Молдова, Болгария мен Черногория клубы "Фенербахче" түлегінің ойынын жіті қадағалап отыр. Скауттардың бірі 21 турдағы "Тұран" мен "Қайсар" арасындағы матчқа арнайы келіп, Асқаровтың аяқ-алысын бақылаған. Түркістанның клубы футболшыға шетелдіктердің ықыласы ауғанын біледі.
Жалпы, Микаэль Асқаров маусым шымылдығын "Атырауда" түрген. Бұрын "Қайрат", "Екібастұз", белорусиялық "Сморгонь" клубында доп тепкен. Ол биыл чемпионатта 15 кездесуге қатысты.