08.10.2025 19:08
Сәтпаев Ұлттық құрама матчтарына қатыспайды
08.10.2025 19:08
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды
«Қайрат» жұлдызы бүгін оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өтті.
Нәтижесінде 17 жастағы шабуылшының жарақаты бар екені анықталды. Осыған байланысты бапкерлер мен медицина штабы ортақ шешімге келіп, Дастанды алдағы матчтарға қатыстырмауды жөн көрді.
Ел құрамасы осы айда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Солтүстік Македонияға қонаққа барады.
Ал турнир кестесінде бес ойында үш ұпай жинаған отандастарымыз төртінші орында келеді.