06.09.2025 07:32
Суарес пен Бускетс футболдан шеттетілді
06.09.2025 07:32
«Интер Майами» ойыншылары Луис Суарес пен Серхио Бускетс жазаланды
Лига кубогының финалы аясындағы «Сиэтл Саундерспен» (0:3) ойында Суарес қарсылас команда қызметкерінің бетіне түкірсе, Бускетс футболшыға қол жұмсаған еді.
Осы оқиғаға байланысты уругвайлық шабуылшы алты, ал испаниялық жартылай қорғаушы екі матчқа шеттетілді.
Дисквалификация тек Лига кубогының аясында ғана күшіне енеді. Яғни, Суарес пен Бускетс қалған турнирлерде ойнай алады.