01.09.2025 18:08

Суарес футболдан шеттетілуі мүмкін

01.09.2025 18:08

Луис Суарес ұзақ мерзімге футболдан шеттетілуі мүмкін

«Интер Майами» шабуылшысы Лига кубогының финалы аясындағы «Сиэтл Саундерспен» (0:3) ойында қарсылас команда қызметкерінің бетіне түкіріп жіберген.

Осыған байланысты 38-жастағы уругвайлық ойыншы алты айдан бір жылға дейін дисквалификация алуы мүмкін.

Суарес флоридалықтардың намысын 2024 жылдың қаңтар айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 38 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram