05.09.2025 15:36
Суарес кешірім сұрады
05.09.2025 15:36
Луис Суарес көпшілік алдында кешірім сұрады
«Интер Майами» шабуылшысы Лига кубогының финалы аясындағы «Сиэтл Саундерспен» (0:3) ойында қарсылас команда қызметкерінің бетіне түкіріп жіберген еді.
— Шын жүректен кешірім сұраймын. Өз-өзімді басқара алмай қалдым. Кәсіби футболшы әрі танымал тұлға ретінде эмоцияға берілмеуім керек еді,– деді Суарес.
Осы оқиғаға байланысты 38 жастағы уругвайлық ойыншы алты айдан бір жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін.
Суарес флоридалықтардың намысын 2024 жылдың қаңтар айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 38 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді.