24.08.2025 14:50

Сон Хын Мин «Лос-Анджелесті» жеңілістен құтқарды

24.08.2025 14:50

АҚШ-тың MLS чемпионаты аясында «Лос-Анджелес» «Далласпен» тең тарқасты

Техас штатының Фриско қаласындағы «Тойота Стэдиумда» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Алаң қонақтары сапынан Сон Хын Мин айып добынан гол соғып, көзге түсті.

Осылайша, «қара-алтындар» 25 ойыннан кейін 41-ұпайын еншілеп, батыс конференциясында төртінші сатыға жайғасты.

Айта кетейік, Сон клубқа осы жазда «Тоттенхэмнен» 15 млн еуроға ауысып келген болатын.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram