24.08.2025 12:15

Мюллер МLS-тегі алғашқы голын соқты

24.08.2025 12:15

АҚШ-тың МЛС чемпионаты аясында «Ванкувер» өз алаңында «Сент-Луис Ситиді» 3:2 есебімен жеңді

Алаң иелері сапында жеңіс голын Томас Мюллер матчтың 90+14-минутында пенальтиден соқты.

Осылайша, «ақ-көктер» 27 ойыннан кейін 49-ұпайын олжалап, батыс конференциясында үшінші орында келеді.

Айта кетейік, Томас Мюллер клубқа осы жазда «Бавариядан» еркін агент ретінде ауысып келген болатын.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram