04.06.2026 15:12
Собослаи «Ливерпульдің» үздік ойыншысы атанды
04.06.2026 15:12
Доминик Собослаи «Ливерпульдің» осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

Ол барлық 57 матчтың 53-не қатысып, 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Осылайша 25 жастағы венгриялық жартылай қорғаушы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде топ жарды.
Мерсисайдтың клубы Собослаиды 2023 жылы «Лейпцигтен» 70 миллион еуроға сатып алған еді.