04.06.2026 15:00
Канселу «Барселонада» қалғысы келеді
04.06.2026 15:00
Жоау Канселу «Барселонада» қалғысы келеді

Николо Скираның хабарлауынша, 32 жастағы португалиялық қорғаушы «блаугранада» қалуға келісімін берді және 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қоймақ. Жоау бұл туралы «Әл-Хиләлге» ескертіп қойды, енді жауабын күтіп отыр.
Каталонияның клубы Канселуды қаңтар айында «Әл-Хиләлден» жалға алған еді. Жоау содан бері Испания Ла Лигасының 16 матчында екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.