04.06.2026 14:31

«Реал» ойыншысы «Комоға» ауысуы мүмкін

04.06.2026 14:31

«Реал» шабуылшысы Гонсало Гарсия мансабын Италия А Сериясында жалғауы мүмкін

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 22 жастағы испаниялық форвард осы жазда клуб ауыстыруы мүмкін. Ал оны келер маусым Чемпиондар лигасында ойнайтын «Комо» қатарына қосқысы келеді. Сондай-ақ Дортмундтың «Боруссиясы» мен «Ювентус» қызығушылық танытуда.

Гарсия – Мадрид клубының төл түлегі. Ол осы маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram