04.06.2026 10:07
Влахович «Ювентустен» кетеді
04.06.2026 10:07
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович клубтан кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды. Осылайша ол еркін агент ретінде клуб ауыстырады. Қазір оған «Манчестер Юнайтед», «Бавария» және «Милан» қызығушылық танытуда.
«Бьянконери» Влаховичті 2022 жылы «Фиорентинадан» 85,4 миллион еуроға сатып алған еді. Душан осы маусымда 23 матчта он гол соғып, екі нәтижелі пас берді.