21.09.2025 21:27
Серхио Бускетс мансабын аяқтайды
21.09.2025 21:27
«Интер Майами» ойыншысы Серхио Бускетс жақында мансабын аяқтайды
COPE мәліметінше, испаниялық жартылай қорғаушы бутсасын шегеге ілу туралы шешім қабылдап қойыпты.
Енді MLS-тегі маусым аяқталысымен желтоқсан айында арнайы бейнкролик түсіріп, футболмен қош айтысқанын хабарлауды жоспарлап отыр екен.
Бускетс «Интер Майами» намысын 2023 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Оған дейін «Барселона» үшін 15 маусым (2008-2023) бойы тер төккен. Каталониялық клубтың сапында Испанияның алты дүркін чемпионы атанып, үш мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды.
Ал халықаралық футболдағы ғұмырына 2022 жылдың желтоқсан айында нүкте қойып кеткен еді. Серхио Испания құрамасымен бірге әлем (2010) және Еуропа чемпионы (2012) атанды.