25.05.2026 15:08

Сенеси қайда ауысатынын шешті

25.05.2026 15:08

«Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенеси «Тоттенхэмге» ауысады

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы ауызша келісімге келді.

Осылайша «Тоттенхэм» Сенесиге көз тіккен «Барселона», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Ювентус», «Боруссия» Дортмунд және «Бешикташ» секілді клубтардың алдын орап кетті.

Бұған дейін Маркостың 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда «Борнмуттан» кететіні белгілі болған еді. 29 жастағы аргентиналық қорғаушы биылғы маусымда 39 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram