25.05.2026 14:42

Карвахальдың қайда ауысатыны белгілі болды

25.05.2026 14:42

«Реал» капитаны Дани Карвахаль «Интерге» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, Миланның клубы 34 жастағы испаниялық қорғаушыға ұсыныс жасады және келісімге келуге өте жақын.

Дани «нерадзурри» сапына еркін агент ретінде қосылады. Себебі осыған дейін «Реалмен» келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді.

Карвахаль «бланкос» намысын 2002 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 451 матчта 14 гол соғып, 66 нәтижелі пас берді және жалпы 27 трофей жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram