25.05.2026 14:16

Альварес «Атлетикодан» кетеді

25.05.2026 14:16

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес клубтан кетеді

El Chiringuito хабарлауынша, Хулиан Әлем чемпионатынан кейін клуб ауыстырады. Бас бапкер Диего Симеонеге сенсек, Альварес болашағына қатысты шешім қабылдап қойыпты.

Қазір оған «Барселона», ПСЖ және «Арсенал» қызығушылық танытуда.

26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram