31.12.2025 15:51

Семеньоның «Манчестер Ситидегі» жалақысы белгілі болды

31.12.2025 15:51

«Борнмут» вингері Антуан Семеньо «Манчестер Ситимен» келісімге келді

The Guardian хабарлауынша, 25 жастағы Гана дүлдүлі жаңа клубында бонустарды есептемегенде аптасына 150 мың фунт стерлинг жалақы алады екен. Бұл дегеніміз бір жылдағы таза табысы 7,2 миллион фунтты құрайды деген сөз.

«Манчестер Сити» Антуанды 65 миллион еуроға сатып алады. «Қалалықтар» бұл соманы үш жылға бөліп төлейді. Қос тарап жақын арада 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.

Семеньо осы маусымда 19 матчта тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram