31.12.2025 13:29
Канселу «Интерге» ауысуға жақын
31.12.2025 13:29
«Әл-Хиләл» мен Португалия құрамасының қорғаушысы Жоау Канселу «Интерге» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 31 жастағы қорғаушы қаңтар айында Саудияның клубынан кетеді. Бүгінде «Интер» оның агенті Жорже Мендеш және «Әл-Хиләлмен» тікелей келіссөз жүргізіп жатыр екен. Сондай-ақ «Ювентус» те ойыншының өкілдерімен байланыста.
Канселу биыл 11 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.