31.12.2025 11:59

«Реал» шабуылшысымен келісімшартты ұзартады

31.12.2025 11:59

Браим Диас «Реалда» қалады

Cadena SER хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келісімге келді. Жаңа құжатқа сәйкес, Браимнің жалақысы біршама артады екен.

26 жастағы Марокко вингері Мадрид клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 139 матчта 21 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында күшін жояды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram