31.12.2025 11:39

Уоткинс Роналду мен Дрогбаны артқа тастады

31.12.2025 11:39

Ағылшын Премьер-лигасының 19-турында «Астон Вилла» сырт алаңда «Арсеналға» 1:4 есебімен есе жіберді

Матчтағы соңғы голды Олли Уоткинс соқты. Осылайша ол АПЛ-дегі «big six» клубтарының қақпасын жалпы 22-рет тулатты. 30 жастағы Англия форварды бұл көрсеткіш бойынша 21 голдан соққан Криштиану Роналду мен Дидье Дрогбаны басып озды.

Уоткинс осы маусымда 24 матчқа қатысып, үш гол мен бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram