31.12.2025 15:10
Адама Траоре Лондонның өзге клубына ауысады
31.12.2025 15:10
«Фулхэм» шабуылшысы Адама Траоре «Вест Хэм» ойыншысы атануға жақын

Diario AS хабарлауынша, 29 жастағы Испания вингері жаңа клубымен екі жарым жылға жарамды келісімшартқа қол қояды. Бұл трансфер «балғашылардың» бапкері Нуну Эшпириту Сантудың жеке қалауы бойынша жүзеге асады екен.
Траоре осы маусымда 16 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ол «Фулхэмге» дейін «Барселона», «Вулверхэмптон» және «Астон Вилла» секілді клубтарда доп тепкен.