01.12.2025 16:30
Семеньо «Ман Ситиге» ауысуы мүмкін
01.12.2025 16:30
«Борнмут» дүлдүлі Антуан Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

The Times хабарлауынша, «қалалықтар» 25 жастағы вингер үшін «Борнмут» бекіткен сатып алу құны 65 миллион фунт стерлинг жұмсауға дайын. Манчестердің клубы Гана ойыншысының маусымның қалған бөлігінде командаға жаңа дем бере алатынына сенімді. Осыған байланысты қыстан қалдырмай қатарына қосып алмақ.
Сондай-ақ Антуаға көз тіккендердің қатарында «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» бар.
Семеньо осы маусымда 12 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.