01.12.2025 15:39

Қараша айының үздік ойыншысы анықталды

01.12.2025 15:39

Букайо Сака IFFHS нұсқасы бойынша қарашаның үздік ойыншысы атанды

Англия құрамасы мен «Арсенал» вингері бұл жүлдеге таласта Жереми Доку (Бельгия, «Манчестер Сити) мен Килиан Мбаппені (Франция, «Реал») шаң қаптырды.

Сака өткен айда сегіз ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал қазанда «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн үздік деп танылған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram