01.12.2025 15:58
Әлем чемпионатының басты фавориттері аталды
01.12.2025 15:58
Opta суперкомпьютері 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерін жариялады

Рейтингтің көшін Испания (17%) бастап тұр. Екінші орынға Франция (14.1%) жайғасса, үшінші сатыға Англия (11.8%) табан тіреді.
Одан бөлек үздік ондықтың қатарына Аргентина (8.7%), Германия (7.1%), Португалия (6.6%), Бразилия (5.6%), Нидерланд (5.2%), Норвегия (2.3%) және Колумбия (2%) кірді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиальдың жеребе тарту рәсімі 8 желтоқсан күні Вашингтонда болады.