09.01.2026 20:46
Сака «Арсеналмен» келісімшартын ұзартады
09.01.2026 20:46
Букайо Сака «Арсеналда» қалатын болды

Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Сака мен клуб бірнеше ай бұрын сөз байласып қойыпты. Енді жақында ресми хабарланады.
24 жастағы вингер «зеңбірекшілердің» негізгі командасында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 290 матчта 77 гол соғып, 77 нәтижелі пас берді. Ал оған дейін 2008-ден бастап жастар клубында тер төкті.