09.01.2026 17:51
«Манчестер Ситиден» бір ойыншы кетеді
09.01.2026 17:51
Джон Стоунз маусым соңында «Манчестер Ситиден» кетеді

Times Sport хабарлауынша, «қалалықтар» 31 жастағы қорғаушымен келер жазда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Пеп Гвардиола оның орнына жас ойыншы алғысы келеді екен.
Манчестердің клубы Стоунзды 2016 жылы «Эвертоннан» 55,6 миллион еуроға сатып алған еді. Ол содан бері 290 матчта тоғыз гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Командамен Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Одан бөлек түрлі 10 трофей жеңді.