03.02.2026 22:05

Роналду бүгінгі жаттығуға қатыспады

03.02.2026 22:05

Бүгін, 3 ақпанда «Әл-Наср» «Эр-Риядқа» (1:0) қарсы ойынға қатыспаған футболшылар үшін арнайы жаттығу ұйымдастырды

Абдулазиз Әл-Осеймидің хабарлауынша, аталған кездесуде алаңға шықпаған Криштиану Роналду бұл жаттығуға келмепті.

Осыған дейін 40 жастағы португалиялық шабуылшының клубтан кетуі мүмкін екені хабарланған еді. Нақтырақ айтсақ, Криш Сауд Арабиясы тәуелсіз қорының (PIF) «Әл-Насрға» топ-трансфер жасатпауына наразы екен.

Роналду «Әл-Наср» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 22 матчта 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram