03.02.2026 18:30
Чемпиондар лигасының финалы «Камп Ноуда» өтуі мүмкін
03.02.2026 18:30
«Барселона» стадионы «Камп Ноу» 2029 жылы Чемпиондар лигасының финалын қабылдауы мүмкін

Каталонияның клубы қала әкімшілігімен бірлесіп, RFEF (Испания Корольдігінің футбол федерациясы) қолдауымен UEFA-ға финал өткізу туралы алдын-ала өтінім беріпті.
Ал ресми ұсынысты маусым айының басында жолдауды жоспарлап отыр.
Осыған дейін Чемпиондар лигасының финалы «Камп Ноуда» 1999 жылы өткен еді. Ол кезде «Манчестер Юнайтед» «Баварияны» 2:1 есебімен жеңіп кеткен.