03.02.2026 21:48

Энцо Фернандес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

03.02.2026 21:48

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, Париждің клубы 25 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушыны аттай қалап отыр. Ал «Челси» басты ойыншысын кемі 100-110 миллион еуро бағалайды. ПСЖ болса мұндай соманы төлеуге дайын екен.

«Ақсүйектер» Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 35 матчта 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram